387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда бір отбасының мүшелерін өрттен арашалаған сарбаз марапатталды

  • 161
  • UPD: 14:35, 30.08.2019

Петропавл қаласында бүтін бір отбасын өрттен құтқарып қалған әскери қызметшінің ерлігі еленді.

Конституция күніне арналған салтанатты шарада Ұлттық Ұланның 6637 әскери бөлімінің сержанты Дмитрий Буков төтенше жағдайлар комитетінің алғыс хатымен марапатталды. Ол жаздың басында сарбаздарымен көшеде кезекшілік етіп жүргенде тұрғын үйдің бірінші қабатынан будақтап шыққан қара түтінді байқап қалыпты. Жас жігіт жанып жатқан пәтерден бір әйелді оның қызы мен кішкентай немересін алып шыққан. Олар қою түтіннен есікті таба алмай, іште қалып қойған екен. 

Дмитрий Буков, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің взвод сержанты:

- Есікті ашсам қолында кішкентай баласы бар келіншек жылап тұр. Оны сыртқа шығарып, тағы кірдім. Бір әйел  не істерін білмей жүгіріп жүр. Түтіннен түк көрінбейді. Әйтеуір аман қалдық.

Хабар 24 телеарнасы