389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық конструкторлар Моңғолиядағы роботтар сайысына қатысты

  • 230
  • UPD: 15:47, 31.08.2019

Қазақстандық конструкторлар Ұланбатырда өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Моңғолияда халықаралық роботтар сайысы өтті. Он алты жұп жылдамдық, дәлдік және маневрлік қабілеттері бойынша жарысты.

Алматы халықаралық IT университетінің студенттері Ұланбатырды өз үйіндей сезінді. Өйткені ауа райы, байтақ дала, ландшафттар мен халық дәстүрлері ұқсас.

Владислав Цой, тілші:

- «Робокон-2019» сайысы қатысушыларды шагай монғол дәстүрлі ойынымен таныстырады. Қазақстанда оны асық ату деп атайды. Робот асықты алып, бір жерге лақтыру керек. Егер асық алшыға түссе, онда команда 50 ұпай алады

Бірінші шайқаста қазақстандық роботтар малайзиялықтардан мықты болды. Екіншісінде олар моңғолдықтарға жол берді. Бірақ алматылықтар нәтижеге риза. Жыл сайын олар өз машиналарының жұмысын жақсартып отырады.

Нұрлан Кәрімжан, халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің лаборатория басшысы:

Робоконның арқасында біз бес рет мектептер арасында Робокон чемпионатын өткіздік. Биыл ол қазан айының соңында Нұр-Сұлтан қаласында EXPO ғимаратында болады. Оған қатысатын кез келген университетте робототехника саласына қажетті кристалдану орталығы ашылады.

Қытайдан келген роботтар ең жылдам болды. Олар жартылай финалға шықты.

Бәрінен Гонконгтық машиналар үздік атанды. Екінші орында – Моңғолия. Бұл олардың жарыс тарихындағы ең үлкен жетістігі.

Агваанлувсангийн Ундраа, Монголия парламентінің депутаты:

Моңғолия жастарын жаңа технологиялар, роботтар, робототехника, жасанды интеллект қызықтырады. «Робокон» байқауы елімізде робототехника дамуына көмектеседі деп сенемін.

«Робокон» келер жылы Фиджиде өтеді. Оған қазақстандықтар тағы да қатысады. Ойткені олардың арманы – тәжірибе жинап халықаралық роботтар сайысын Алматыда немесе Нұр-Сұлтанда өткізу.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы