389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жаңа мектепте «Абайтану» пәні алғаш рет кешенді түрде оқытылмақ

  • 229
  • UPD: 18:21, 01.09.2019
Елордадағы жаңа мектепте «Абайтану» пәні алғаш рет кешенді түрде оқытылмақ

Елордада Абай мектебі ашылды. Саланатты рәсімге Үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім ордасы 900 орынға шақталған. Мұнда виртуалды ғылыми зертхана және «жасыл технологиялар» кабинеті бар. Балаларды мектепке сыйға берілген автобус тасиды. Сондай-ақ дәл осы білім ордасында «Абайтану» пәні алғаш рет кешенді түрде оқытылмақ.

Хәкім Абайдың есімі берілген елордадағы алғашқы мектеп бұл. Гуманитарлық бағытты тереңдетіп оқытады. Жаңа оқу жылында қолданысқа берілген білім ордасының ашылу рәсіміне премьер-министр Асқар Мамин қатысты. Үкімет басшысы жиылған жұртты білім күнімен құттықтап, ұстаздар қауымына табыс тіледі.

Гимназия соңғы үлгідегі жарақтармен жабдықталған. Жомарт жандар виртуалды ғылыми зертхана мен жасыл технология кабинетін ашуға септесіпті. Одан бөлек, қашықта тұратын оқушыларды тасымалдау үшін мектепке автобус сыйға тартқан.

Әнуар Жанғозин, қалалық білім басқармасының басшысы:

Білім ордасы 900 орынға шақталған. Бірақ бала саны көп болғандықтан, биыл бұл мектептің табалдырығын мыңнан аса өрен аттады. 153 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ.

Осы күні елімізде 7 мыңнан аса мемлекеттік мектеп бар. Оқушылар саны 3 миллионнан асады. 115 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Оның 57-і осы жылы қолданысқа беріледі. Тағы 19 мектепке жапсарлас ғимарат салынып жатыр. Білім және ғылым министрі «Мұғалімдердің мәртебесі» туралы заң жобасы да әзірленді дейді. Жақында Парламент қарауына жіберілмек.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Келер жылы данышпан ақынның туғанына 175 жыл толады. Атаулы күн елімізде кең көлемде тойланады. Сондықтан болар, жаңа гимназияда «Абайтану» пәні алғаш рет кешенді түрде оқытылғалы жатыр. Кейін өзге өңірлердегі оқу ордаларына енгізіледі.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ермек Кеншінбек

Хабар 24 телеарнасы