389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» – елімізде 24 сағат бойы үзбей ақпарат тарататын жалғыз телеарна

  • 266
  • UPD: 19:02, 01.09.2019

Біздің телеарнамызға бүгін 7 жыл!

Еліміздің басты ақпараттық арнасы 2012 жылдың 1 қыркүйегінде алғаш рет хабар таратты. Содан бері жаңалықтардың жаршысына айналып, медиа кеңістіктен ойып тұрып орын алды. «Хабар 24» несімен ерекше? Алдағы жоспары қандай?

«24 KZ». Иә. Бастапқыда арнамыз осылай аталды. Кейін «Хабар 24» болып өзгерді. Өзгергенін көз көрді. Тек атауы ғана емес, контент те түрленді, түбегейлі. Міне, 7 жыл бойы арнамыз жаңалық таратып келеді. Тәулік бойы. «Хабар 24» елімізде 24 сағат бойы үзбей ақпарат тарататын жалғыз телеарна!

Эльмира Досжанова, «Хабар 24» телеарнасының режиссері:

- Міне, тағы бір жаңалықтар аяқталды. Бұл – эфирдің жүрегі. Осы жерден ақпарат таратамыз.

Нұрболат Сахиев арнамыз ашылғалы бері еңбек етіп келеді. Алғашқыда редакторлық қызметті атқарса, бүгінде продюссер. Телеарнамыздың 7 жылдағы даму жолын бес саусағындай біледі.

Нұрболат Сахиев, «Хабар 24» телеарнасының продюсері:

- Алғашқы ашылған жылдары есімде. Ол кезде «24 KZ» деп аталды. Қазір енді тәулік бойы ақпарат тарататын басты арна болып отыр. Бізбен бәсекелес болатын медиа ұйымдар аз. Тек ақпараттық порталдар бәсекелесе алады.

Еліміздің барлық аймағында арнаның меншікті тілшілері бар. Кез келген жерден тікелей эфирге шығып, ақпарат тарата алады.

Бағдат Әбдіқожаева, «Хабар 24» телеарнасы аймақтық тілшілер қосыны бөлімінің басшысы:

ПТС-тармен қамтамасыз етілген. Күніне орташа есеппен 30 шақты материал келеді.

Тек елімізде емес, шет мемлекеттерде де тілшілеріміз жұмыс істейді. Бұл – халықаралық жаңалықтар бөлімі.

Айдана Кәрібжанова, «Хабар 24» телеарнасы халықаралық жаңалықтар бөлімі басшысының міндетін атқарушы

8 елде меншікті тілшілеріміз бар. Одан бөлек, фрилансерлеріміз жұмыс істейді. Ақпаратты қабылдап алып, өңдеп, осы жерден таратамыз.

Бүгінгі таңда арнамызда 30 шақты отандық жоба бар. Әрқайсы бір-біріне ұқсамайды. Өзіндік ерекшелігімен көрермен назарына ұсынылады. Бір жылда арнамыздан 40 мың материал таратылады. Тілшілеріміз халықаралық ареналардан һәм еліміздегі басты оқиғаларды дер кезінде жеткізу үшін жылына мыңнан аса тікелей эфирге қосылады. Алдағы мақсатымыз да айқын.

Алёна Горбачёва, «Хабар 24» телеарнасының директоры:

- Жаңа маусымда «Хабар 24» арнасының ұжымы жылдамдықты арттыра түседі. Тікелей эфирлердің саны көбейеді. Себебі біз бірінші болып ақпарат таратуымыз қажет. Ол үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Көрермен назарына жаңа жобалар ұсынғалы отырмыз. Бағдарламаларды жуырда көре аласыздар. Дегенмен, басымдықты жаңалықтарымызға береміз.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Жаңалықтарымызға басымдық береміз дегенде осы орайда студиямен де таныстырып өтейік. Көріп тұрғандарыңыздай, мұнда бірде-бір оператор жоқ. Роботтандырылған. Әзірге мұндай автоматты басқару жүйесі біз де ғана. Жә. «Хабар 24» қайнаған жаңалықтың ордасы. Сол жылт еткен ақпаратты сіздерге жеткізу үшін жүздеген адам еңбек етеді.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Әділғазы Төлеміс, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы