389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсу қаласындағы қауіпсіздік бейнебақылау көмегімен қамтамасыз етіледі

  • 173
  • UPD: 07:22, 02.09.2019
Ақсу қаласындағы қауіпсіздік бейнебақылау көмегімен қамтамасыз етіледі

Павлодар облысы Ақсу қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі заманауи сыртқы бейнебақылау жүйесінің көмегімен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта шағын шаһарда жедел басқару орталығы салынып жатыр. Жобаны жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Нысанның құрылысы бірнеше айдан соң аяқталады. Мамандардың айтуынша, 100-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Ал қазіргі таңда қалада 46 бақылау құралы жұмыс істеп тұр.

Талғат Сартов, Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы:

- Қазіргі таңда Ақсу қаласындағы оперативтік жағдай тұрақты. Қылмыстардың ашылуы 75 процентті құрайды. Орталық іске қосылған соң бұл көрсеткіш арта түседі деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы