385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді

  • 110
  • UPD: 11:52, 02.09.2019
Елордада бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді sputniknews.kz

№64, 107 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«2 қыркүйектен бастап Фахд бен Абдул Азиз және К.Бәйсейітова көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №64, 107 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді», – делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бағдарлардың қозғалыс сызбасы қалпына келтіріледі.

Хабар 24 телеарнасы