385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек үзілмейді

  • 128
  • UPD: 15:06, 02.09.2019

Президент өз жолдауында медициналық қызметтің сапасына да тоқталды. Оның ішінде алдағы жылдан бастап, міндетті медицинадық сақтау жүйесі жүзеге асырылатынын ескертті.

Бірақ соған қарамастан мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек үзілмейді деді.

Бұдан бөлек келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін де еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды.

«Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – деді ол.

Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты.

Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді.

Президент азаматтардың көпшілігі жұмыстан жалтарумен немесе қосымша табыс көздерін жасырумен келетіндігін де айтты.

Мемлекет басшысы жолдауының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы