387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген

  • 138
ШҚО-да банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген inform.kz

Өскеменде банк қызметкері бөгде адамның сыртынан жарты миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Банк қызметкерінің айтуынша, ол несие рәсімделген жеке куәлікті көшеден тауып алған. 24 жастағы банкир Ұлан ауданының тұрғыны болып шыққан. Ал жоғалған құжат иесі 36 жастағы әйел екенін анықталып отыр», – делінген департаменттің дерегінде.

Банк қызметкері өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген. 

Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы