389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин алынып тасталды

  • 383
  • UPD: 13:08, 04.09.2019
Ақмола облысында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин алынып тасталды elorda.info

Ақмола облысында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин алынып тасталды.

Бұл туралы Елорда Инфо Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының Аршалы ауданы Ольгинка ауылында сібір жарасына байланысты 17 тамыз күні карантин жарияланған болатын.

«Ауылдағы барлық үй-жайларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жаңадан ауру қоздырғыштары анықталған жоқ. Төрт түліктің арасында бұл індеттің жұғуы мен одан қырылу фактісі тіркелмеген»,– делінген хабарламада.

Аймақта эпидемиялық жағдай қалыпты. Бұған дейін ауруханаға түскен тұрғындар емделіп, үйлеріне босатылды.

Еске сала кетейік, сібір жарасына байланысты 5 адам ауруханаға түскен еді.

Хабар 24 телеарнасы