387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы онлайн университеттерге қатысты талап күшейеді

  • 123
Қазақстандағы онлайн университеттерге қатысты талап күшейеді

Еліміздегі онлайн университеттерге қатысты талап күшейеді.

Әсіресе, олардың лицензия алу мәселесі міндеттелуі мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында айтылды. Ведомство басшысы осындай оқу орындарына қойылар талапты нақтылау керектігін алға тартты. Әйтпесе, басқа білім ордалары лицензия алып, диплом беріп жатқанда, қашықтан оқытатын мекемелердің құқықтық аяда жұмыс істемей диплом беруі дұрыс емес. Бірақ бұл онлайн-оқыту қате дегенді білдірмейді. Керісінше, қазіргі заманның көрінісі. Сондықтан қаласақ та, қаламасақ та, бұл қызметті заң жүзінде реттеуіміз керек дейді сала мамандары.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрайымы:

– Арнайы талаптарды әзірлеп, онлайн-университеттер мен тұтас онлайн оқытуды лицензиялау мәселесін қолға алған жөн. Сонымен бірге, жоғары білімі бар мамандарды, әзірлеудің талаптарын қайта қарау керек. Жаңа университеттердің ашылуы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында көрсетілгендей, Үкіметтің келісімімен жүргізіліуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы