386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің шекара флотының құрамы су жаңа кемемен толықты

  • 136
Еліміздің шекара флотының құрамы су жаңа кемемен толықты

Еліміздің теңіз шекара флотының құрамы отандық үлгідегі су көлігімен толықты.

«Нұр-Сұлтан» шекара кемесі Президент жарлығына сәйкес Оралдағы зауытта құрастырылды. Заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықталған жауынгерлік кеменің бортында гидроакустикалық станция бар. Оның көмегімен теңіз шекарашылары суда және оның астында бейсауат жүрген қайықтарды 12 миль қашықтықтан көре алады. Яғни кеме Каспийдегі мұнай-газ өндіруші кешендерді қорғаудан бөлек, табиғат қаскөйлеріне де тойтарыс береді. Жаңа су көлігіне шекара туын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен аймақтық жағалау күзеті басқармасының жеке құрамы қатысты.

Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті басқармасы бастығының орынбасары:

– Аталған кеме отандық зауыттан өткен жылы құрастырылып шықты. Жалпы шекара флотында осы тектес бес жауынгерлік су көлігі қолданыста. Олар қатты толқынға төзімді, бірнеше апталап ашық теңізде өздігімен жүре алады. Тұңғыш Президент – Елбасы есімі берілген әскери кеме Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде шекара қауіпсіздігін күзетеді.

Хабар 24 телеарнасы