387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Борыш жүктемесі азайтылуы тиіс азаматтардың неліктен тізімде жоқ екендігі анықталды

  • 278
Борыш жүктемесі азайтылуы тиіс азаматтардың неліктен тізімде жоқ екендігі анықталды ҚазАқпарат

Елімізде банктердегі қарыз жүктемесін азайту бойынша барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс азаматтардың тізімде болмауының басты себебі − Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олардың мәртебесі туралы деректерінің болмауында.

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ОКҚ баспасөз мәслихатында айтып берді.

«АХАЖ АЖ-да неке немесе балалардың тууы туралы жазбалардың болмауы жиі кездеседі. Осыған байланысты несиесі бар азаматтар отбасы құрамынан, яғни жарлыққа сәйкес келетін санаттардан шығып қалады. Мұндай себеп асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедек балалары бар отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға да қатысты болуы мүмкін», – деді С.Жақыпова.

Сондай-ақ тізімде болмауының себебі көп балалы отбасының мемлекеттік органдарға жәрдемақы алу үшін жүгінбеуіне және ешқандай ақпараттық жүйеде болмауына байланысты болып отыр.

«Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде 4 мыңнан астам жетім бала, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бойынша мәліметтер жоқ», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі.

Азаматтар тізімде болмаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін cаll-орталыққа 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алаып, әрі қарай не істеу керектігі туралы кеңес ала алады.

Айта кетсек, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 маусымдағы жарлығына сәйкес мемлекет бір реттік акция бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтардың 300 мың теңгеге дейін негізгі борышы және ол бойынша есептелген өтемақыны төлейді.

Авторы: Динара Доспан

Хабар 24 телеарнасы