389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьермен күресті күшейтуге арналған заң жобасы қыркүйекте Мәжіліске енгізіледі

  • 215
  • UPD: 17:50, 09.09.2019

Елімізде браконьерлермен күресті күшейтуге бағытталған заңнамалық нормалар қыркүйек айының соңына дейін Парламентке енгізіледі.

Бұл туралы бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлімдеді. Мырзағалиевтің айтуынша, түзетулер браконьерлердің қару-жарағы мен көлігін міндетті түрде тәркілеуді, сондай-ақ қорықшылардың заң бұзушыларды ұстау кезіндегі құқығын кеңейтуді қарастырады. Бұдан бөлек құжатта инспекторлар мен олардың отбасына арналған бірқатар жеңілдіктер көзделген. Министр бұл ұсыныстар мен түзетулердің Бас прокуратура және өзге де мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп әзірленгенін айтты.  

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Қазір браконьерлер ұйымдасқан қылмыстық топтың бір түріне айналды. Биыл екі инспектордың кісі қолынан қаза табуы осының айқын дәлелі. Осыған байланысты Президент браконьерлерге қатысты заң жобасын қатаңдатуды тапсырды. Заң жобасына енгізілетін түзетулер қылмыстың бұл түрі үшін жазаны күшейтуді, қару-жарақты тәркілеуді,  қорықшылардың өкілеттігін кеңейтуді қарастырады. Осы және өзге де ұсыныстарды Бас прокуратура жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңес қолдады. Заң жобасын мәжіліске осы айда енгізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы