386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде астық қоры құрылады

  • 168
  • UPD: 22:05, 09.09.2019

Қытай еліне отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мақсатында 70-ке жуық қазақстандық компания сенім мен сапа сертификаттарына ие болды.

Оның ішінде астық пен балық өнімдерін шығарушы кәсіпорындар бар. Жыл сайын экспорттан түсетін табыс көлемі шамамен 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева айтты. Осылайша тамыз соңында Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Екінші Бас Ассамблеясы жұмысы қорытындыланды. Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауыл шаруашылығы өнімдеріне ортақ нарық құру мақсатында жаһандық АйТи жүйесі жетілдіріледі. Астық қоры құрылады. Сол арқылы азық-түлік балансы қалыптасады екен. Келелі жиынға Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері де қатысты. 

Ерлан Байдәулет, Ислам ынтымақтастық ұйымының АҚИҰ хатшылығының бас директоры:

- Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева айтып өткендей, біз астық қорын құруды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты таяуда мемлекеттік және жеке шаруа қожалықтары мен бірлестіктері өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобының отырысын өткіземіз. Алдағы уақытта агро-инвестициялық қор мен көлік-логистикалық және ғылыми-технологиялық орталық құруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар келешекте онлайн биржа арқылы сауда-саттық жасау жоспары да бар.

Хабар 24 телеарнасы