386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жұрттың тең жартысы қысқа көмір алмаған

  • 123
  • UPD: 12:03, 11.09.2019

Солтүстік қазақстандықтардың тең жартысы қысқа көмір алмаған. «Теміржол тұйықтары «қара отынға» толып тұр, бірақ тұрғындар асығар емес» дейді мамандар.

Ал бюджеттік мекемелер жылыту маусымына толық дайын. Қазір мектеп, аурухана, балабақша сияқты нысандарға 150 мың тонна көмір түсірілген. 

- Мына қазір міне 40 градус көрсетіп тұр. Дала салқын болғаннан кейін сосын жақтық. 

Күздің қара суығында мектептерде пеш жағыла бастады. Бәйтерек ауылындағы оқу ордасы қытымыр қысқа сақадай сай. Қазір 550 тонна көмір түсіріліп қойды. Оқушылар бүрсең қақпайды.  

Жанат Сағынаев, Бәйтерек орта мектебі директорының орынбасары:

- Қысқыға дайынбыз. Керек көмірімізді өзіміздің жағатын бәрін әкелдік. Қоймаға кіргіздік, қоймаға. Мына мектептің іші бәрі тексерілді. Бүкіл воздузы шығарылды. Жақтық, көрдік. Әлі де керек болса жағамыз. Балалар тоңбасын деп.

Петропавлда көмір сататын 5 орын бар. Қазір оларда қара отын тау болып үйіліп жатыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, қарбалас қара суықта басталады. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қыстың қамын жаз ойлаған жұрт отын-көмірін елден ерте дайындайды. Мәселен, мына бір жерден күніне 50-60 жүк көлігі көмір артып кетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының көмір қажеттілігі 2,7 млн. тонна. Бүгінгі таңда барлық бюджеттік мекемелер жылыту маусымына дайын. Ендігі кезек халықта.  

Айдархан Мусин, облыстық энергетика және ткш басқармасы басшысының орынбасары:

- Халықтың қажеттілігі 385 мың тонна. Қазіргі күні оның 171 мың тоннасы дайындалған. Яғни, 45 пайызы. Жалпы облыстың барлық тұйықтарында бүгінгі күні 62 мың тонна көмір қоры бар. 

Биыл көмірдің бағасы тұрақты. Қазір Шұбаркөлдің тоннасы 14 мың теңге. Қаражыра да солай. Майкөбе 12 мың. Ең арзаны Екібастұз. Тоннасы 8 жарым мың теңгеден. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы