387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда сапасыз құрылыстан қазына қаржысы желге ұшты

  • 113
Теміртауда сапасыз құрылыстан қазына қаржысы желге ұшты

Теміртау қаласында көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен бюджеттік мекеме қызметкерлеріне салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы құрылыс бітпей жатып сыр берді.

Төртінші қабатқа жеткенде үйдің іргетасы шөгіп, қабырғасы шытынаған. Бұған құрылыстың жобалау-сметалық құжатын жасаған компания кінәлі, дейді билік өкілдері. Себебі үй тұрғызылатын жерге геологиялық барлау жұмыстары дұрыс жүргізілмеген. Алайда жоба авторлары да бізден қате жоқ деп ат-тондарын ала қашады. Ақ-қарасын енді сот анықтайды. Қазір құрылыс тоқтатылды. Жалпы бұл екі үйді салуға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қазынадан 700 миллион теңге бөлінген екен. Қабырғасы қақыраған үйдің төрт қабатын көтеруге 96 миллион теңге жұмсалыпты. Енді бұл шығынды кінәлі тарап өтеуі тиіс. Қазір құрышты қалада үй кезегінде 3 мыңнан астам адам тұрса, соның 100-і осы екі үйге кіру керек болатын. Өкінішке қарай, қоныс тойды кейінге шегеруге тура келеді.

Дүйсенгелді Қасымов, мердігер компания директорының орынбасары:

– Геологиясы дұрыс істелмеген. Инженерлік геологиясы, жердің қыртысы дұрыс берілмеген. Кейін жарық пайда болған соң өз қаражатымызға істелген екі сараптама екі түрлі болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы