387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық көлік иелерінің салық берешегі 4 млрд теңгеден асып кеткен

  • 101
  • UPD: 08:27, 12.09.2019
Алматылық көлік иелерінің салық берешегі 4 млрд теңгеден асып кеткен

Бүгінде алматылық темір тұлпар иелерінің салық берешегі 4 млрд теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салықты бірнеше жылдан бері төлемей жүрген тұлғалар жасалған ескертуді елемей отыр. Сондықтан қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері сот орындаушылармен бірігіп, арнайы рейд бастады. Оған жол полициясы инспекторлары да жұмылдырылды. Сондай тексеріс әрі ақпараттық құлақтандыру шарасы Жетісу ауданында өткізілді. Департамент өкілдерінің мәліметінше, салығы төленбеген 70 мыңға жуық автокөлік бар. Егер көлік иесі берешегін толық төлесе, оның өсімпұлына рақымшылық жасалады. 16 шілдеде басталған шара жыл соңына дейін жалғасады. «Сондықтан өсімпұлым көп екен деп негізгі салығын төлеуден жалтаруға болмайды», - дейді мамандар.

Бектұр Рахымбеков, Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

- Осы уақытқа дейін 7 мыңнан астам салық төлеуші салықтық рақымшылыққа түсіп отыр. Бұл салықтық рақымшылық 2019 жылдың аяғына дейін болады.

Хабар 24 телеарнасы