386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25» бағдарламасы аясында 10 306 адамның өтініші мақұлданды

  • 143
  • UPD: 14:53, 12.09.2019
«7-20-25» бағдарламасы аясында 10 306 адамның өтініші мақұлданды inform.kz

«7-20-25» бағдарламасы аясында  қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды.

Бұл жайында ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды» – делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса «Баспана» ипотекалық ұйымына» тәулік бойы жұмыс істейтін +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша өтініш бере аласыз. Сонымен бірге ипотекалық ұйымның ресми  интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.  

Естеріңізге сала кетсек, «7-20-25» – Қазақстан аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама.

Аталмыш құжат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған бірінші бастаманы іске асыру аясында әзірленген.

Хабар 24 телеарнасы