387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда мемлекеттік балабақша қауіпсіздікті күшейтпек

  • 115
  • UPD: 21:36, 12.09.2019

Петропавлда мемлекеттік бабалақшаға қосымша камералар орнатылып, ата-аналарға арналған алғашқы онлайн бақылау қосымшасы жасалмақ.

Бұл оларға балаларын ұялы телефон арқылы қадағауға мүмкіндік береді. Әзірге бұл жүйемен бөбекжай директоры ғана қамтылған. Жалпы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қауіпсіздік шаралары мықтап қолға алынған. Шақырту батырмасын бассаңыз, арнайы мобильді топ дереу жетеді. Балабақшада қауіпсіздік жүйесі электронды түрге көшірілген. Бұл бүлдіршіндердің нешеде, әрі кіммен келіп кеткенін көрсетеді.

Мәдина Дарбаева, балабақша директоры:

- Балабақшамызда 34 бейнекамера бар. Әр кезде, әр жерде онлайн приложения арқылы балабақшаның жұмысын тексеруге болады. Қазіргі кезде әр балалардың ойнайтын бөлмелерінде, кабинеттерімізде камераларымыз бар. Келесі жылы біздің жоспарымызда қосымша 36 камераны орналастыру.

Хабар 24 телеарнасы