387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 281 отбасы баспаналы болды

  • 140
  • UPD: 10:11, 13.09.2019
Елімізде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 281 отбасы баспаналы болды inform.kz

Бүгінде қабылданған өтінімдердің 2 200-і бойынша 23,1 млрд теңге сомасына несие беру жөнінде оң шешім шықты.

Қазіргі таңда осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі.

Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Жалпы, ең көп баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағандар – Нұр-Сұлтан (73 займ берілді), Алматы (56 займ берілді) және Жамбыл (39 займ берілді) облыстарының тұрғындары.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты толығырақ ақпаратпен банктің сайтында таныса аласыздар https://hcsbk.kz/affordable-housing/bakytty-otbasy/

Ақпарат көзі: Тұрғын үй жинақ банкінің баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы