387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша 222 жылжымайтын мүлік нысаны сатылымға қойылды

  • 177
  • UPD: 15:08, 13.09.2019
Қазақстан бойынша 222 жылжымайтын мүлік нысаны сатылымға қойылды kenighouse.ru

Проблемалық несиелер қоры Қазақстан бойынша 222 объектіні сатылымға шығарады.

Сатылым 24-26 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды krisha.kz.

Олардың ішінде 125 жер учаскесі, 62 коммерциялық және 35 тұрғын үй нысаны бар. Аталған жылжымайтын мүліктерді кез келген заңды және жеке тұлғалар сатып ала алады.

Алматы облысында ауданы 0,05-ден 470 га дейінгі 104 жер телімі сатылымға қойылады. Оның ішінде 91-і Талғар ауданында және 5 жер телімі Қапшағай ауданында орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысында 16 тұрғын үй нысаны бар, оның ішінде 6 пәтер Өскеменде, 4 пәтер мен 4 жер үй Семейде орналасқан. Сондай-ақ аймақта 15 коммерциялық жылжымайтын мүлік нысаны сатылады.

Ал Ақмола облысында ауданы 0,5-тен 50 га-ға дейінгі 7 жер учаскесі сатылады. Оның төртеуі Целиноград ауданында орналасқан.

Атырау облысында 4 тұрғын үй мен 4 коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері сатылады.

Қостанай облысында 5 сауда нысаны мен 4 тұрғын үй ұсынылған.

Қарағанды облысында ауданы 53-1 352 шаршы метр болатын 6 сауда нысаны сатылады, оның төртеуі Жезқазған қаласында орналасқан.

Ал Павлодарда 9 коммерциялық нысан және Оралда жалпы ауданы 188 шаршы метрді құрайтын 4 тұрғын үй сатылымға шығарылады.

Толық ақпарат Проблемалық несиелер қорының сайтында берілген. Сатып алуға қатысу үшін Мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтына тіркеліп, кепілдік жарнасын рәсімдеу қажет.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы