389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде қоғамдық көліктер жетіспей жатыр

  • 217
  • UPD: 18:46, 13.09.2019
Өскеменде қоғамдық көліктер жетіспей жатыр

Өскемен қаласында жолаушылар тасымалы тығырыққа тірелді.

Әсіресе, соңғы 5-10 жылда жаңадан бой көтерген шағын ауданның тұрғындары автобустарды 40-45 минутқа дейін күтуге мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кешке облыс орталығындағы нөмірі 42 бағытпен жүретін жолаушылар өз наразылықтарын тасымал саласына жауапты тұлғаларға төтесінен қойды. Жалпы 42-ші бағыттағы автобус теміржол вокзалынан бастап бірнеше шағынаудан мен саяжайларды аралап, шаһар шетіндегі әскери қалашыққа дейін қатынайды. Сондықтан автобус қозғалғанда-ақ жолаушыларға лық толады. Бұл бағыт бойынша күнделікті тасымалға 10-11 автобус шығуы тиіс. Алайда тендерді ұтып алған автопарк басшылығы автобус жүргізушілердің жетіспеуінен 4-5 автобус ғана қатынайтынын айтып ақталды. Тұрғындармен кездесуге келген Өскемен қаласының әкімі тасымал мәселесі кезең-кезеңмен шешілетін айтып, халықты сабырға шақырды.

Блиц:

- Қыста адамдар деген аязда қоқиып қалады. Кішкентай балалар бар. Бір сағатта әрең келеді.

Жақсылық Омар, қала әкімі:

- Облыста 4,7 миллиард ақша бөлінді. Біз қазанның ортасында 20 жаңа автобус әкелеміз. Келесі жылдың наурыздың 22-іне дейін 65 жаңа автобус әкелеміз. Сөйтіп, 85 автобус келеді.

Хабар 24 телеарнасы