389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды темекіге қатысты заңнамалық түрде өзгерістер енгізіледі

  • 216
  • UPD: 16:53, 14.09.2019

Әлемде табак өнімдерінің зардабынан бір жылда 5 миллионңа жуық адам қайтыс болады. Оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Қазақстан халқының да шамамен 23 проценті шылымға әуес. Яғни еліміз темекіні көп тұтынатын мемлекеттердің қатарында. Оның үстіне соңғы жылдары электронды темекілер белең ала бастады. Біреулер ол да зиян дейді. Ал тұтынатындар залалы нақты дәлелденбеген дегенді алға тартады. Сонымен буы бұрғыраған бұл гаджетің денсаулыққа әсері қандай? 

Қазір ауыздан бу немесе түтін шығарып бір сәттік ләззат алам деген адамға темекінің түрі көп. Соның бірі тоқпен қызып, буы бұрқырайтын вейп. Құрылғыны 2000 жылдары қытайлық азамат ойлап тапқан. Ал біздің елге 2015 жылы келе бастады. Тауар келген соң қолданушылар да табыла кетті. Біреу, екеу емес. Оны қолданатындар саны жүзден, мыңнан асты. Көбі пайдасы мен зиянын ажырата бермеді. 

Петр Пугачев, электронды темекі сататын дүкен иесі: 

- Соңғы екі жылда дүкенге келушілер саны әжептәуір артты. Әуелде тек жастар жағы ғана келетін. Қазір 35-40 жастағы адамдар да қолданады. Оның денсаулыққа зияны не пайдасы туралы нақты медициналық дәлел жоқ. Құрамы глицерин, пропелин, никотин және хош иіс беретін қоспадан тұрады. Көпшілігі табакты шылымнан бас тарту үшін осы электронды нұсқасына көшеді. 

Қарапайым шылымнан құтылу үшін электронды темекіні қолға алғандардың бірі Евгений Федас. Алты жылдан астам шылым шеккен. Соңғы төрт айдан бері электронды темекіні қолданып келеді. Сөйтіп, сөйтіп қойып кететініне сенімді. 

Евгений Федас, қала тұрғыны:

- Әркім әртүрлі қолданады, кейбіреулер никотинмен, біреулер никотинсіз тұтынады. Мен никотинсіз түрін алдым. Сондықтан тәуелділік байқалмайды. Егер оны қолдануға тыйым салатын болса, еш қиындықсыз қойып кетемін. 

Ал дәрігерлердің айтуынша, вэйпингке көшіп шылымды біржола тастаймын деу өзін өзі алдаумен тең. Себебі ол да тәуелділік туғызады және зияны қарапайым темекімен пара-пар. Құрамындағы химиялық қоспалар қызумен буға айналғанда адамның тыныс алу жолы қабындырып, қатерлі іскке әкелуі мүмкін. Оның үстіне электронды темекіні тым көп тұтынған адам өліп кетуі ғажап емес. Мұндай жағдай жиілеп кеткендіктен АҚШ-тың кейбір штаттарында темекінің бұл түрін қолдануға мүлде тиым салған. 

Мәншүк Жақсылықова, дәрігер-нарколог:

- Біздің елімізде электронды темекінің таралымы мен қолданылуын реттейтін ереже жоқ. Әлі зерттелмеген. Бірақ Еуропа мен америкалық сарапшылар вейптің құрамындағы қоспалар адам психологиясының ауытқуына әсер ететінін дәлелдеді. Бәрінде болмаса да басым бөлігінде синтетикалық канабенойд бар. Сондықтан біз өз тарапымыздан денсаулыққа зиянды заттардан барынша аулақ болуға кеңес береміз. 

Жалпы табак өнімдеріне белгілі бір деңгейде шектеу қою қажет, дейді сарапшылар. Темекісі болсын, электронды шылым, қорқоры да адамға пайда бермейді. Сондықтан «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің» жаңа редакциясы әзірленіп жатыр. Құжат қабылданса, қыздырылатын темекіні кез келген жерде шегіп, жаппай қолдануға тыйым болып, тіпті акциз де салынуы мүмкін. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы