389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы апат: жарақат алғандар ауыр халде жатыр

  • 246
  • UPD: 14:19, 16.09.2019

Алматы-Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан жарақат алған үш адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Олардың жағдайы өте ауыр. Науқастарға еліміздегі білікті нейрохирургтар көмек көрсетіп жатыр. «Ал апат болған Шамалған станциясындағы теміржол өткелінің үстінен көпір салу мәселесі ертең тиісті министрлік өкілдері мен аймақ басшысы Амандық Баталовтың жергілікті тұрғындармен кездесуі барысында белгілі болады», - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы. 

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Бүгінгі таңда ауруханада 3 науқас жатыр. Олардың екеуі – 2014 -2016 жылғы балалар және екі баланың анасы. Телемедицина арқылы республиканың ең беделді, білікті нейрохирургтарымен консультация жүргізілуде. Қазіргі күні науқастардың жағдайларын түзеп, одан кейінгі реабилитация мәселесін қарастырудамыз. Тиісті сала министрліктерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілуде.

Алматы облысының Шамалған станциясында болған апатқа байланысты жедел штаб құрылды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Қазір онда Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Шамалған станциясында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да өз сайтында болған оқиғаға қатысты хабарлама жариялады.

Шамалғандағы апат болған жерге жақын ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ал ҚР ІІМ өкілдері пойыз бен автобус соқтығысқан жерде тәжірибелі тергеу тобы жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеді.

Жалпы, бұл жерге тұрғындар бұрын көпір салып беруді сұраған екен. Қазіргі уақытта Ақсеңгір-Шамалған бағытындағы теміржол қатынасы қайта ашылды.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы