389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында сібір жарасын жұқтырған 4 адам ауруханаға түсті

  • 227
  • UPD: 22:33, 16.09.2019
Жамбыл облысында сібір жарасын жұқтырған 4 адам ауруханаға түсті

Қауіпті жұқпалы дерт Жамбыл мен Жуалы аудандары тұрғындарының ағзасынан табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша олар күйдіргіні мал сою кезінде жұқтырған болуы мүмкін. Осыдан он шақты күн бұрын сиыр сойған екен. Бірақ жауапты мамандар әзірге кеселдің қайдан шыққанына қатысты кесімді жауап бере алмай отыр. Қазір науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының оқшауланған бөлмесінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары орташа. Науқастармен қарым-қатынаста болған 44 адам бақылауға алынды. Оның төртеуі бала.

Айта кету керек, сібір жарасы бұл өңірде соңғы 12 жылдан бері тіркелмеген.

Гүлфайра Мырзабекова, облыстық инфекциялық аурулардың қатерлерін бақылау кеңестік-әдістемелік орталық жетекшісі:

20 күннен аса ем қабылдайды. Осы медициналық дәрігерлердің бақылауында болады. Осы аурухана ішінде. Қазір сібір жарасының қоздырғышы жараның ішінде ғой. Ол ем қабылдамаса қоздырғышы денеге бүкіл қанға жайылып кетеді де науқастың өлім жағдайына алып келеді.

Хабар 24 телеарнасы