389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда өртенген қонақ үйге тексеру 9 жыл бұрын жүргізілген

  • 191
  • UPD: 19:47, 17.09.2019
Түркістанда өртенген қонақ үйге тексеру 9 жыл бұрын жүргізілген

Түркістанда өртенген қонақ үйге қауіпсіздікке байланысты тексеру 9 жыл бұрын жүргізіліпті.

Мейманхана қауіптілік дәрежесі төмен нысандар санатына жататындықтан, инспекторлар ғимаратқа тексеріс жүргізбеген. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді. Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын облыс орталығында екі бірдей қонақ үй отқа оранған еді. Салдарынан 5 өрт сөндіруші зардап шеккен. Жалпы жыл басынан бері сала мамандары 20 бизнес нысанын тексеріп, 80 заң бұзушылық анықтаған және әкімшілік протоколдар толтырған.

Хабар 24 телеарнасы