389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үздік әлеуметтік жобалар анықталды

  • 172
Елордада үздік әлеуметтік жобалар анықталды elorda.info

«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы дəстүрге айналған жыл сайынғы «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

Жиынға «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы басшысының бiрiншi орынбасары Ерлан Каналимов қатысты.

«Елімізде жыл сайын жүздеген әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Алайда оны көпшілік біле бермейді. Олардың бәрі біздің қоғамымызды, қаламызды, елімізді жақсартуға бағытталады. Биыл бұл акция соңғы рет өткізіледі. Келесі жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізетін болады. Себебі партияны жаңғырту бағдарламасы аясында мемлекеттік органдармен қамтылатын жобаларды жауып жатырмыз. Одан басқа мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс істеу саласын дамытамыз», –деді Ерлан Каналимов.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамту» бағыты бойынша «Шексіз мүмкіндіктер технологиясы» жобасы марапатталды. Жоба жетекшісі Құрбанәли Абуовке 1 млн теңгенің сертификаты табысталды. Ал 2-орын «Шуақты әлем» қоғамдық қорына табыс етелді. Үздік үштікті «Реабилитациялық технологиялар мен тұжырымдамалар» қоғамдық қоры түйіндеді.

«Біздің жоба бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасын тегін жөндеп келді. Қазір билік көмектесіп жатыр. Бұл бастамамызды дамыту үшін бүгінгі жобаға қатысып отырмыз. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы ғана емес еліміз бойынша жалғыз шеберхана. Қазір біз үш жігіт бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Екеуіміз арба жөндеумен жұмыс істесек, үшінші жігіт компьютер арқылы қалай істеу керек екенін көрсетіп отырады. Әзірге тегін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ күрделі жұмыстары болса ақысын алуға тура келеді. Қазір өзге өңірлерден де тапсырыстар түсіп жатыр. Біз тек жөндеумен ғана емес арбалардың сыртындағы қабын да тігеміз. Шеберханамыз 2017 жылдың қараша айынан жұмыс істеп келеді», – дейді 1-орын алған «Шексіз мүмкіндіктер технологиясы» жобасының жетекшісі Құрбанәли Абуов.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін барлығы 26 өтінім түсіпті.

Хабар 24 телеарнасы