389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік жастар кадрлық резервіне ілігу үшін бәсеке күшті болып тұр

  • 224
  • UPD: 21:50, 18.09.2019
Президенттік жастар кадрлық резервіне ілігу үшін бәсеке күшті болып тұр

Президенттік жастар кадрлық резервіне ілігу үшін бәсеке күшті. Қазірдің өзінде бір орынға 15 үміткерден келеді.

Барлығы 4540 адам өтініш білдірген. Ал президенттің жас мамандар пулында небары 300 орын бар. Құжат қабылдау қыркүйектің соңына дейін жалғасып, іріктеу жыл соңында қортындыланады.

Еске салсақ, кадрлық резерв Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жасақталып жатыр. Үміткерге қойылар талап – жоғарғы білімді, кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар 35 жасқа дейінгі азамат болуы тиіс. 

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

- Олар біздің алдағы уақыттағы бүкіл мемлекетіміздің реформаларын алып кететін, қазіргі біздің жастарымызға қойылып отырған талаптарға сай жастарымыз келіп, осы біздің мүмкіншілігімізді пайдаланып, үлкен еліміздің күшіне, локомотивіне айналады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы