389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі тәркіленді

  • 214
  • UPD: 15:39, 19.09.2019
Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі тәркіленді kznews.kz

Жамбыл облысында «Допинг» екікүндік жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі қылмысына қатысты 19 факті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталған құқықбұзушылық фактілерінің 16-сы қылмыстық, 3-еуі әкімшілік санатқа жатады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Есірткі құралдарының заңды және заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар барысында заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 48,4 келіні құрады. Заңсыз айналымнан 39 келіден астам «марихуана», 9 келіден астам «гашиш», 19 грамға жуық «канабис шайыры» шығарылса, заңды айналымнан жалпы сыйымдылығы 20 миллиграмм болатын екі «Мидакс» құтысы, күшті әсер ететін «Трамодол» дәрілік заттарының 10 таблеткасы алынды. Бұл бағыттағы шаралар үздіксіз жалғасатын болады», – делінген ведомство хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы