389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев базарда жұмыс істейтін жастардың мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айтты

  • 208
  • UPD: 19:39, 19.09.2019
Б.Сапарбаев базарда жұмыс істейтін жастардың мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айтты

Алматылық жастармен кездесуде Бердібек Сапарбаев базарда жұмыс істейтін жастардың мемлекет назарынан тыс қалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-премьердің айтуынша, қазір елімізің үш ірі қаласында 27 жылжымалы жұмыс орталығы ашылған. Мұнда базардағы жастармен кездесу ұйымдастырылып, мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат берілмек. «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің өкілі Асқат Қасенғалиев базардағы жастарға арналған «Дүйсенбілік спорт» акциясын басқа өңірлерде де өткізуді ұсынды. Премьер-министрдің орынбасары бұл бастаманы бірден қолдады. Бердібек Сапарбаев студенттерді жақсы білім алып, кәсіппен айналысуға шақырды. Өз кезегінде алматылық жастар креативті экономика саласын дамыту туралы бастама көтерді. Ол үшін өнер университеттерінің оқу бағдарламасына экономика, менеджмент және маркетинг мамандықтарын қосуды ұсынып отыр.

Кристина Бекмұрзаева, жас суретшілер орталығының жетекшісі:

- Қазіргі таңда креативті экономикадан түсетін табыс қомақты. Мысалы, Францияның креативті экономика саласынан табатын пайдасы автомобиль өндірісінен көп. Ал, Вильньюстің шығармашылық аудандары қазынаға жылына 6 миллион еуро әкеледі. Бізде дарынды жастар өте көп. Тек соларға экономика қағидалары туралы білім беріп, олардың нарыққа бейімделуіне жағдай жасауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы