389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем мойындаған таңдаулы оқулықтар қазақ тілінде қолжетімді

  • 254
Әлем мойындаған таңдаулы оқулықтар қазақ тілінде қолжетімді

 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық универстиетінің ұжымы 6 мың данадан астам 49 кітапқа қол жеткізді.

Қазақ тіліне аударылған оқулықтар арасында философия, психология, кәсіпкерлік сырлары, халықаралық бизнес саласындағы танымал авторлардың еңбектері бар. Оқу орындары тарапынан түскен ұсыныстарды іріктей келе, дәл осы кітаптарды аудару ұйғарылған дейді мамандар. «Жаңа гуманитарлық білім, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған бұл кітаптар сатылымға түспейді. Тек оқу орындарына таратылады. Сондай-ақ электрондық нұсқасын оқуға мүмкіндік бар.

Ақмарал Қазыкешова, ШҚМТУ «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі:

– Әсіресе, экономикалық мамандыққа арналған 11 кітап жарық көрді. Мұның барлығы қазақ тілінде болғанына өз басым қуаныштымын.

Аяулым Кәдешова, студент:

– Осы күнге дейін өз мамандығымыз туралы кітаптарды әр жерден, әр тілден аударып, көп қиындыққа кезіктік. Кітаптардың келгеніне қуаныштымын, сондықтан сабаққа еш кедергісіз жеңіл дайындалатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы