389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 12 жаңа нысан салынады

  • 222
  • UPD: 17:04, 23.09.2019
жаңа ғимараттар жаңа ғимараттар baribar.kz

Нұр-Сұлтан қаласында инвесторлардың қатысуымен білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласында салынатын 12 жоба таныстырылды.

Жобаларды іске асыру 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және ел экономикасына 20 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

«Жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық, төрт мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, «International School of Nur-Sultan City» ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлап отыр. Жүйенің ерекшелігі әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады.

Сонымен қатар өнеркәсіп саласы үшін асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт салынбақ.

Қазіргі уақытта елордада 21,8 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалған. Олардың ішінде ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласы бойынша 1 және білім беру саласында жекеменшік мектептер құрылысы бойынша 4 жоба бар.

Хабар 24 телеарнасы