389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республикалық маңызы бар көлік жолдарының сапасы бақылауға алынды

  • 247
  • UPD: 15:16, 24.09.2019
Республикалық маңызы бар көлік жолдарының сапасы бақылауға алынды

Еліміздегі республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының сапасын «Адалдық алаңы» мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлесіп бақылауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – мемлекет қазынасынан бөлінген қаржынының желге ұшпай, тиімді жұмсалуын бақылау. Атырау адалдық алаңы мен департамент өкілдері «Ақтөбе-Атырау-Астрахань»автомагистриалінің «Атырау-Қызылқоға» бөлігінің сапасын тексеруге шықты. Бүгінде облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған жол құрылысы 10 телімде жүргізіліп жатыр. Оның 17 шақырымдық «Доссор-Мақат» жол телімі биыл пайдалануға берілмек. Департамент қызметкерлері мен жол мамандары осы аралықтан сынама алды. Ол сынамалар «Жол активтері сапасы» ұлттық орталығының жылжымалы зертханасында тексеріледі.

Рафаэль Төлешов, СЖҚІҚ Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары:

- Оның негізгі мақсаты – қоғамдық бақылауды қамтамсыз ету, сол мына құрылыстары жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарына бақылауды және халықтың әл-ауқатының тұрмыстық жағдайының онан әрі дамуына деген бір қандай да бір себебін тигізуге кепіл болатыны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы