389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцина егу тоқтатылды

  • 243
  • UPD: 08:47, 26.09.2019

Маңғыстау облысында туберкулезге қарсы екпе егу алдағы қараша айында қайта жалғасады. Аймақ дәрігерлері Үндістан дәрісін күтіп отыр.

Қазіргі таңда өкпе ауруына қарсы екпе жүргізу еліміздің батысында ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде тоқтатылды. Оған - осыған дейін қолданыста болған жапондық өнімнің әлемнің 35 елінен алынып тасталуы себеп болған. Дәрігерлер туберкулезге қарсы екпенің бала денсаулығы үшін маңызды екенін айтады. Мәселен, соңғы 10 жылда облыста өкпе дертіне шалдыққандар саны 75,5 процентке азайған. Ал балалар арасындағы ауру 89 процентке дейін кеміген. Былтыр облыста 20 мың 88 шақалақ дүниеге келсе, соның 95 процентіне туберкулезге қарсы екпе егілді.

Қарашаш Зарқұлова, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бөлім меңгерушісі:

- Вакцинация БЦЖ алған балалардың арасында статистикадан белгілі асқынудың түрлері аз болады. Ең қауіпті асқынулардың бірі туберкулезді менингит. Дисимерлі туберкулез. Осы вакцинацияның арқасында айтып өтуге болады осындай асқынулар біздің Маңғыстау облысында 10 жыл шамасында тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы