389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық белсенділер жүргізушілердің жүгенсіздігіне қарсылық білдірді

  • 181
  • UPD: 08:58, 26.09.2019
Атыраулық белсенділер жүргізушілердің жүгенсіздігіне қарсылық білдірді

Атырау қаласында жол апатынан көз жұмған студенттің ажалы атыраулық белсенділерді алаңға шығарды. Оқиға орнына жиналған еріктілер қала бойынша жол қозғалысының қауіптілігі мен көлік жүргізуішлердің жүгенсіздігіне осылай өз қарсылықтарын танытты.

«Ол өмірден емес, бар болғаны жолдан ғана өткісі келген» осындай жазумен оқиға орнына жиналған әйел-аналар қоғам назарын қоғам үшін аса күрделі проблемаға аударту үшін шығыпты. Шынында да тал түсте қыршынынан қиылған 17 жасар бозбаланың қазасы кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.  Солардың бірі Әлия Сартаева таяуда өзінің де ажал аузынан қалғанын ашына еске алды. 

Әлия Сартаева, ерікті топ мүшесі:

- Осындай адам жүретін жол. Сол жерде өтіп бара жатқан кезде балам сол жағымда, мен бер жағында келе жаттым. Сонда мына алдымдағы машиналар тоқтады да, онан кейінгісі ұшып келіп мені қақты. Күш пайда болды ма білмеймін ол машинаны тоқтатып тастадым. Ол маған келіп өзі айқайлап жатты. Сіз қайда қарап тұрсыз деп.   

Жанат Өтебаева, қала тұрғыны:

- Өкінішке орай, осы жолдан өту өте қиын. Жылдамдықты негізі көбейтіп айдайтын жүргізушілер көп. Соның барлығына тек камераларды қондыра бермей, бір шара қолдану керек.

Көлік көбеюінен бе, соңғы кезде қала бойныша қауіпті жол айырықтары көбейіп барады.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Таяуда ғана толықтай қайта жарақтандырылған бұл көшенің бойында ондаған бағдаршам мен жүздеген жол белгілері қойылған. Соған қарамастан теміржол вокзалы алдындағы осы жол қиылысы да адамдар өміріне аса қауіптілердің бірі саналады. 

Оған жүгенсіз кеткен көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің абайсыздығы да себеп. Осыны ескерген жерглікіті билік көшелерде жасанды кедергілерді көбейтпек.

Әнуар Ғалымжан, қалалық ТҮКШ бас маманы:

- Ағымдағы жылы бөлім тарапынан 500 шаршы метр жасанды жол кедергісі орнатылды. Және жылдың аяғына дейін 500 шаршы метр орнатылатын болады. Жаяу жүргіншілер жарығы қала бойынша 200 дана орнатылды.

Сондай-ақ қоғам белсенділерінің табанды талабымен жол полициясы қызметі де кезекшіліктер ұйымдастыра бастады. Олар кептелістер мен күрделі қозғалыстарды реттеп, жұртшылықты жол ережесін сақтауға шақырады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы