389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қабылданған заңның жүзеге асырылуына мониторинг жасалмайды – Д.Назарбаева

  • 192
  • UPD: 18:01, 27.09.2019

Жыл басынан бері қолданыстағы заңдарға 7 рет өзгеріс енгізілді. Бұл туралы сенатор Владимир Волков мәлімдеді.

Парламент тыңдауында сөз алған депутаттар заң шығару үрдісін әлі де жетілдіру керектігін айтты. Өйткені кейбір заң жобалары немқұрайлы дайындалады әрі Үкімет тарапынан өзгерту енгізу жиілеген. Халық қалаулылары, сондай-ақ, құжаттың ресми тілден аударылмай, негізгі нұсқаны мемлекеттік тілде дайындауға көшуді сұрады. Себебі сапасыз аударманың салдары заңнаманың мазмұнына кері әсер етуде. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева заң шығару үрдісінде жауапкершілікті ұмытпау керектігін ескертті.   

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

- Заң шығару үрдісін жүйелеудің уақыты жетті. Заң мен құқық - біздің өміріміздің тетігі. Біз қабылдаған заңның жүзеге асуына мониторинг жүргізілмейді. Бұл туралы әділет министрі де айтты. Сөзден іске көшу керек.

Хабар 24 телеарнасы