389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Түркістан облысында 340 мың тонна мақта жиналмақ

  • 285
  • UPD: 18:00, 27.09.2019
Биыл Түркістан облысында 340 мың тонна мақта жиналмақ

Биыл Түркістан облысында егілген 131,1 мың гектар мақта алқабынан 340 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Бұл туралы Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 1,44 мың гектар алқаптан 3,2 мың тонна мақта жиналды.

«Биыл Жетісай ауданында 77,3 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Солардан алынған өнімге келсек, 16951 тонна дәнді дақыл, 557661,6 тонна көкөніс және бақша дақылдары, 101882,4 тонна мал азықтық дақыл, 7152 тонна жеміс-жидек және жүзім өнімі алынды», - деді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дастан Дүйсенбаев.

Ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алудың бірден-бір жолы тұқым сапасын арттыру екенін де айтып өтті. Осыған байланысты ауданда отандық шит дайындау жұмыстарын жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы