389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА жанынан құрылған кеңестер өзекті мәселені талқылайтын алаңға айналды

  • 222
  • UPD: 23:12, 27.09.2019
ҚХА жанынан құрылған кеңестер өзекті мәселені талқылайтын алаңға айналды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері кез келген өзекті мәселені талқылайтын ашық алаңға айналды.

Достық үйіне жиналған аймақтық кеңестердің мүшелері қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы өз міндеттері жөнінде ой бөлісті. Жалпы қазір  еліміз бойынша 2786 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Оларға тұрғындардан жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсарту, оқушылардың жүйелі білім алуына  мүмкіндік жасау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, жастар  белсенділігін көтеру бойынша бірқатар өтініштер түскен. Біразы жүзеге асып үлгерген. 

Бекзат Алтынбеков, Қарағанды облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

- Агросекторларға бөлінетін 0023 90 миллиард қаржының бөлініп, дұрыс мақсатта жұмсалуы, оның елге жетуін осы қоғамдық келісім кеңесінің әрбір мүшесі қадағалауға, оның дұрыс салаға баруына бірден бір жауап беретін де, жауапкершілік сұрайтын да осы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері екенін  айтуға міндеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы