388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлықтар Кеңес одағының батыры Қанаш Қамзинді еске алды

  • 251
  • UPD: 11:31, 28.09.2019
Павлодарлықтар Кеңес одағының батыры Қанаш Қамзинді еске алды

Павлодар облысы Жолқұдық ауылының тұрғындары Кеңес одағының батыры Қанаш Қамзинді еске алды.

Биыл қараша айында қазақ жауынгерінің туғанына 100 жыл толады. Қанаш Қамзин 1943 жылы 52-атқыштар дивизиясының ротасын басқарған. 1944 жылы 13 қыркүйекте болған кезекті жекпе-жек шайқастардың бірінде қаза болады. Осы шайқаста көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін қазақ жауынгеріне Кеңес одағының батыры атағы берілді. Ол Молдовада жерленген. Павлодардың бір көшесі оның атымен аталады. Туған жері Жолқұдық ауылындағы мектепке де есімі берілген. Енді жерлестері ауылдық округті де батырдың атымен атауды ұсынып отыр.

Мирхат Валитов, Алғабас ауылдық округінің әкімі:

– Келесі жылы Ұлы жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Сондықтан «Рухани жаңғыру» аясында жас ұрпаққа бұл кісінің өмірін, ерлігін насихаттау керек. Сондықтан ауылдың тұрғындары Алғабас ауылдық округті, округке кіретін 8 ауылды Қанаш Қамзин атындағы селолық округке ауыстыру ұсынысымен қалалық мәслихатқа шыққалы отырмыз.

Ерлік Серғазин, Қ.Қамзиннің туысы:

– Отан соғысына қатысуға жас болса да өзі сұранып кеткен. Ол ерлікпен Молдавияда қаза болды. Молдавияда әлі күнге дейін ескерткіштері бар.

Хабар 24 телеарнасы