389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда мекен-жай анықтамаларын беру тоқтатылады

  • 269
  • UPD: 16:34, 30.09.2019
Қазақстанда мекен-жай анықтамаларын беру тоқтатылады krisha.kz

Қазақстанда Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларын біріктіруге байланысты мекен-жай анықтамаларын беру тоқтатылады, деп хабарлады krisha.kz.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін мекен-жай анықтамасы сұралмайды. Мекемелер қажетті мәліметтерді өздігінен ала алады. Бұл қағазбастылықты жою мен мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту үшін жасалып отыр.

Қазақстандықтардың өздері электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен өзі тіркелген мекен-жайы туралы ақпаратты тексере алады. Сондай-ақ үй иелері өз үйінде немесе пәтерінде тіркелген адамдар туралы ақпарат ала алады.

Сондай-ақ ІІМ жыл соңына дейін тағы сегіз мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы