389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Қазақстанда әйелдер үшін еңбек нарығында кедергілер көп

  • 164
БҰҰ: Қазақстанда әйелдер үшін еңбек нарығында кедергілер көп

Елімізде гендерлік теңдік мәселесі әлі де өзекті.

Әсіресе, әйелдердің тұрақты еңбекпен қамтылып, жоғары жалақы алуы – сирек кездесетін жағдай. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, орнықты даму мақсаттарының бірі - гендерлік теңдік. Еліміз осы жайтқа баса көңіл бөлуі қажет. Жалпы күн тәртібінде 17 бірдей мақсат-міндет бар. Әр ел стратегиялық құжаттарын соған сәйкестендіруі тиіс. Мәселен, біздің елде мемлекеттік бағдарламалардың 80 пайызы орнықты даму мақсаттарына бағытталған. «Нәтижесі алдағы 10 жылда белгілі болады», - дейді мамандар.

Норимаса Шимомура, БҰҰ тұрақты үйлестірушісі:

– Біріккен ұлттар ұйымының өкілдігі Қазақстанның экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіру жолындағы ұмтылысын толық қолдайды. 2030 жылға дейінгі күн тәртібі осы мақсатқа жетуге өз септігін тигізеді. Ол тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, мемлекеттік игіліктердің әрбір ауылға жетуін көздейді. Сондай-ақ біз гендерлік теңдік мәселесіне баса назар аударамыз. Қазақстан осы салада біраз шаруа атқарып жатқанына қарамастан, көрсеткіш әлі де төмен. Әйелдер үшін еңбек нарығында кедергілер көп.

Хабар 24 телеарнасы