389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында үй салуға ең көп қаржы Жаңаарқаға бөлінген

  • 448
  • UPD: 15:03, 02.10.2019

Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй салуға ең көп қаржы Жаңаарқа ауданына бөлінген. Биылдың өзінде мұнда көп қабатты 7 баспананың құрылысы басталды. Бірінші кезекте пәтер көп балалы отбасыларына берілмек. Сонымен жыл соңына дейін қанша адам қоныс тойын тойлайды.

Анар Бозаева он баланың анасы. Үй кезегін он жыл күтіпті. Жуырда ол жаңа пәтердің кілтін алған. Енді бірер күнде қоныс тойын тойламақ. 

Анар Бозаева, Жаңаарқа кентінің тұрғыны:

- Он жыл очередьте тұрдық. Аллаға шүкір, үйімізді алдық. Енді әлі кірген жоқпыз, ішіне жөндеу болып жатыр. Кішкене жөндеп, кіреміз. Үш бөлмелі үй берді.  

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, жыл соңына дейін көп балалы 25 отбасы баспаналы болмақ. Қазір мұнда көпқабатты 7 үйдің құрылысы басталған. Ол үшін республикалық бюджеттен 700 миллион теңге қаржы бөлініпті. Биыл жаңа үйдің 2-уі тапсырылады. Ал жалпы кент бойынша бүгінгі күні 800 адам үй кезегінде тұр екен. 

Бақытжан Мұқанов, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

- Үй кезегінде тұрған азаматтарды осы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй беріп қамтамасыз етеміз. Және де көп балалы аналарға республикалық бюджеттен екінші кезектегі тұрғын үйлерді сатып алуға қаржы бөлінген болатын, содан біз 15 пәтер сатып алдық. Оны да жыл аяғына дейін көпбалалы аналарға табыстаймыз. Жалпы 800 адамды кезек-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. 

Үй кезегін азайту үшін тұрғындарға ауыл маңынан жер учаскесі де үлесітірліп жатыр. Тек биылдың өзінде инфрақұрылымы реттелген мына алаңда 100 үй салынбақ.

Айта кету керек, «Бақытты отбасы» бағдарламасына да облыс аудандары арасынан тек Жаңаарқа іліккен. Қазір 19 адам өтініш берсе, 2 адам жеңілдетілген пайызбен баспанаға қол жеткізіпті.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы