389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда газ өңдеу зауыты салынуы мүмкін

  • 170
  • UPD: 18:40, 02.10.2019
Қазақстанда газ өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Қазақстанда тағы бір газ өңдеу зауыты пайда болуы мүмкін.

Ол Қашаған кен орнының аумағында бой көтереді. Бұл жөнінде энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір бастамаға қатысты жол картасы дайындалып жатыр. Өйткені, мұнай өндірісінің артуы мен газ көлемінің ұлғаюы қазіргі зауытқа айтарлықтай салмақ салады. Тіпті ол жүктемені көтере де алмауы мүмкін. Соның алдын алу үшін және қаржыны босқа шашпау үшін осындай өндіріс ошағы қажет, - дейді вице-министр.

Махамбет Досмұхамбетов, ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары:

– Қазіргі «Болашақ» зауытының өзіндік өндіріс қуаты мен техникалық мүмкіндіктері бар. Оған шамадан тыс салмақ салуға болмайды. Сондықтан жаңа өндіріс ошағының құрылысы қарастырылып жатыр. Оның өндіріс қуаты шамаман 1 миллиард шаршы метрді құрайды. Осы арқылы Қашаған кен орнын кеңінен игеріп, игілігін көре аламыз.

Хабар 24 телеарнасы