389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың қоғамдық көлік жүйесі 100 жаңа электроавтобуспен жаңартылады

  • 174
  • UPD: 15:24, 03.10.2019
Елорданың қоғамдық көлік жүйесі 100 жаңа электроавтобуспен жаңартылады

Алғашқы 50-і осы жылдың соңында, ал қалғаны келесі жылы жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана LRT басқармасының төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, қоғамдық көліктер ұлттық лизинг операторы арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынады. Лизинг мерзімі жылдық 7%-тік сыйақы мөлшерлемесімен – 7 жыл. Электроавтобус өзімізде жиналады. Автобөлшектің 30%-ке жуығын отандық компания шығарады. Yutong маркалы бір электроавтобустың құны 147 млн теңгеге жуық.

Айта кетейік, Қытайдың Гуанчжоу қаласы 2020 жылы, ал Ресей астанасы 2021 жылға қарай толығымен дизельдік автобустарды электроавтобустарға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Бекмырза Игенбердиев, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы:

Автобустарды жайлы электробуспен жаңартамыз. Қоғамдық көліктердің жүру интервалы қысқартылады, яғни аялдамаларда автобустардың күту уақыты да қысқарады. 12 метрлік көліктер төмен еденді болып келеді. 350 шақырым жол жүруге жететін батареямен жабдықталған. Батарея 10 жылға есептелген. Кепілдік мерзімі – 7 жыл, электрқозғалтқышқа – 5 жыл. Осы жылы ақпан айында елордада электробусты сынақтан өткізіп көрген едік, оң нәтиже көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы