389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бір күнде 17 мың ағаш көшеті отырғызылды

  • 169
  • UPD: 22:57, 03.10.2019
Алматы облысында бір күнде 17 мың ағаш көшеті отырғызылды

Алматы облысында бір күнде 17 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Соның  басым бөлігі өңірдегі 760 мектептің ауласына егілді.

Қалғаны балабақшалар мен кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының маңында жапырақ жаяды. Игі шара экология, геология және табиғи ресурстар мен білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен қолға алынған «ЭкоСағат» акциясы аясында өткізілді. Бастама мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Оған мемлекеттік қызметкерлер мен қатар қарапайым қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Осылайша көпшілік өздері тұратын аймақтың жасыл желекпен көмкерілуіне ат салысты.

Ерсайын Сәкімжан, оқушы:

- Табиғатты сүйе білген, аялай білген адамның ары да жаны да таза болады. Туған табиғатымыздың тағдыры баршамызды толғандыруы тиіс. Және де біз жастар өзіміздің шарамызды қолдаймыз. 

Қонысбек Баеділов, облыстық экология департаментінің басшысы:

- Бұл ағаш отырғызу дегеніміз білім алу ошақтарында басталуының өзі үлкен бір өнеге. Өйткені болашағымыз жастардың қолында деп бекер айтылмаған. Сондықтан ағаш отырғызу мәселесі экологиялық мәдениетті насихаттау, скл. Сондықтан міне Қазақстанның әр азаматы, қоршаған ортаны қорғауға міндетті деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы