389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігі қызмет бабында пайдаланылатын жылқыларға қатысты бұйрық жобасын шығарды

  • 212
Қорғаныс министрлігі қызмет бабында пайдаланылатын жылқыларға қатысты бұйрық жобасын шығарды

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережесінің 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (қызметтік жылқыларды) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Бұйрық жобасын қабылдау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің қызметтік жылқыларды ұстау және пайдалану тәртібін нақтылайды.

Бұйрық жобасымен:

1) жылқыларды ұстау;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бөлімшелерін жылқылармен толықтыру кезінде ветеринарлық қамтамасыз ету;

3) жылқыларды жарамсыз деп тану.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрық жобасының толық мәтіні мен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: legalacts.egov.kz.

Хабар 24 телеарнасы