389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тұмаудың алдын алуға бағытталған шаралар қолданылып жатыр

  • 145
  • UPD: 08:40, 08.10.2019
Ақтөбеде тұмаудың алдын алуға бағытталған шаралар қолданылып жатыр TimeOut

Ақтөбеде тұмаудың алдын алуға бағытталған шаралар жүріп жатыр. Емханаларда дертке қарсы егу жұмыстары басталса, еңбек ұжымдарында оның қауіптілігі мен басты белгілері және сақтану жолдары түсіндірілуде.

Ал кейбір балабақшаларда тұмау мен жедел респираторлық вирусты инфекцияны болдырмау үшін сарымсақ пен пияз қолдануды бастаған. Дақылдың кесілген бөліктері балалардың ойын және жатын бөлмелеріне қойылған. Сондай-ақ тұзды ауасы бар бөлмеге де жиі апарып жүр. Бұдан өзге төрт мегзіл берілетін тағамның құрамында да жеміс-жидек мол. 

Анар Тұрсенбаева, балабақша әдіскері:

- Таңертең балаларын ата-аналар әкелген уақытта, мойындарына чесноктан моншақтар тағып жібереді. Осы күз мезгілінде балалардың иммунитеті төмендейді. Сондықтан да, біздерде чеснок қосылған, жуа қосылған салаттар беріледі. Соктар, иммунитетті көтеру үшін витаминді жемістер береміз балаларға. 

Әзірге жаппай дертке шалдығу дерегі жоқ. Дегенмен, өткен жылдың эпидемиологиялық маусымында 136 адам тұмаумен ауырған. Оның 70-ке жуығы жасөспірімдер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша биыл дерттің «Мичиган», «Сингапур» және «Колорадо» вирустары таралуы мүмкін. Әдеттегіше, қаңтар және ақпан айлары аурудың кең етек алатын кезеңі дейді дәрігерлер. Сондықтан көпшілікті 1 қазанда басталған иммундау шарасынан тыс қалмауға шақырады. Тұмауға қарсы қажетті вакцияна дозаларын сатып алу үшін биыл жергілікті бюджеттен 30 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Әдеттегіше, белгілі санаттағы адамдар үшін ем алу тегін. Ал тиісті категорияға кірмейтіндер кез келген емханада ақылы түрде егіле алады. 

Айнара Әбдірова, №4 емхананың бөлімше меңгерушісі:

- Вакцина алғаннан кейін ол 8-12 күннің ішінде өзінің әсер етуін көрсетеді де, 12 айға дейін сақтап, тұрақты иммунитет береді. Сондықтан өте қажет алу. Қазір бізде аурулар көп вирусты инфекциялар. Соның ішінде осы грипп жоғары тыныс жолдарының инфекциялары. Сондықтан оны профилактика ретінде алып, 1 қазан айынан бастап алып әрі қарай жалғастырған дұрыс. Диспансерлік науқастар алу керек оның ішінде.

Хабар 24 телеарнасы