389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жылу құны арзандайды

  • 122
  • UPD: 10:44, 09.10.2019
Ақтөбеде жылу құны арзандайды

Тасымалдаушы компанияның тариф бағасын негізсіз өсіргені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурорлар тексеру кезінде соңғы үш жылда монополист мекеменің 87 мың абонентке қарыздар екенін анықтаған. «Трансэнерго» акционерлік қоғамы қазандықты кеңейту және жылу желілерін қайта құруға 600 миллион теңге көлемінде инвестиция тартқан. Сәйкесінше, бұл соманы тұтынушылық төлем есебіне енгізеді. Алайда, шаһардағы жаңа ауданды қамтамасыз етуге бағытталған бұл жұмысты жергілікті билік жүзеге асырған. Осыған орай қалалық прокуратураның ұсынуымен 611 миллион теңге тарифтен шегерілді. Келер жылдың қаңтар айынан бастап монополист мекеме қайтадан есептеу жүргізіп, 87 мың абонентке қаражатын қайтарады. Сондай-ақ 2020 жылдың қаңтарынан бастап ыстық су құны да арзандауы тиіс.

Бақытжан Ешмағамбетов, Алматы аудандық прокурорының орынбасары:

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар үшін жылу тарифі 4,7%-ке төмендейді. Яғни, 2759 теңге/гигаколорийді құрайтын болады. Ал, бұрын қолданыстағы тарифке сәйкес өсім 2895 теңге/гигаколорийді құрай керек болатын еді. Яғни 135 теңгеге төмендетіліп отыр тариф.

Хабар 24 телеарнасы