389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы уақытында аяқталды

  • 157
  • UPD: 15:42, 09.10.2019

Жобаның жалпы құны – 267,3 млрд теңге.

Бұл бірқатар ұлттық компаниялардың қолдауымен жүзеге асқан айтулы нысан. «Хабар 24» тілшісі Мерей Мұратханқызы тікелей байланысқа шығып, көгілдір отынның игілігін кімдер көретінін айтып береді.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Алдымен еске сала кетейін, Қызылорда облысынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін табиғи газ құбырын салу тапсырмасы Елбасының 5 әлеуметтік бастамасында көрсетілген. Жалпы ұзындығы 1061 шақырым болатын Сарыарқа жобасы 2020 жылы елордадан бөлек, еліміздегі 171 елді мекен көгілдір отынмен қамтуды көздейді. Құбырлар америкалық технологиямен дәнекерленді. Бүгін біз магистральдің алтын бөлігін дәнекерлеу рәсіміне куә боламыз. Жобаның жалпы құны 267,3 млрд теңге. Енді елордаға аз-маз тоқтала кетейін. Бас қала үш кезең бойынша газбен қамтылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 52 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылға дейін Көктал-1, Көктал-2 және қаланың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аумақтарына газ тартылмақ. Жылу электр орталықтары да көгілдір отынмен қамтылады. Бүгінде қалада 22 мыңнан аса жер үй бар. Жалпы Сарыарқа магистралі бойынша Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан бағытында тұратын 2,5 млн қазақстандыққа газ жеткізіледі. Сондай-ақ құбыр орналасқан аумақтарда экология түзеледі, халық жұмыспен қамтылады. Инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндігі еселенеді. Демек, жобаның экономикалық, әлеуметтік тиімділігі орасан.

 

Хабар 24 телеарнасы