389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полиция қызметкерлері елордадағы қоғамдық көліктерді тексеріп жатыр

  • 240
  • UPD: 16:08, 10.10.2019
Полиция қызметкерлері елордадағы қоғамдық көліктерді тексеріп жатыр inbusiness

Нұр-Сұлтан қаласындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік жүргізу тәртібін арттыру мақсатында 10-17 қазан аралығында қоғамдық көліктер тексеріледі.

Полиция қызметкерлерімен бірге Көліктік бақылау инспекциясы, Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту департаменті, сондай-ақ қоғамдық бақылау өкілдері қалалық автобустардың техникалық жағдайын тексеруге қатысады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпековтың айтуынша, балаларды тасымалдайтын автобустарға ерекше назар аударылады. Автобустардың техникалық жағдайы және жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Сонымен қатар жүргізушілерге медициналық-техникалық тексеру жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы